10 миллионға жуық қазақстандық КВИ-ға қарсы екпе алды

10 миллионға жуық қазақстандық КВИ-ға қарсы екпе алды
Сурет: Inform.kz

Pfizer вакцинасын алғандар саны 940 530 адамға жетті.

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 29 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 453 237 адам, 2-ші компонентін 9 156 605 адам салдырды.

Мамандардың мәліметі бойынша, Pfizer вакцинасының  I дозасын 940 530 адам, ІІ дозасын 795 994 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентімен 778 353 жасөспірім, 35 535 жүкті әйел, 125 342 бала емізетін әйел, ІІ компонентімен 663 880 жасөспірім, 29 349 жүкті әйел, 102 365 бала емізетін әйел егілген.