Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Сурет: Vlast.kz

Батыс және оңтүстік облыстарында күн ашық және ыстық.

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 27-29 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында күн ашық және ыстық ауа райы сақталады. Республиканың қалған бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктерден қалыптасады.

«Жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта түнде және таңертең топырақ бетінде үсік күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта.

Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +31+39°С шамасында сақталады. Солтүстік-батыста +23+34°С; солтүстікте ауа температурасының +17+22°С-тан +20+25°С-қа дейін шамалы көтерілуі күтілуде;

республиканың орталығында ауа температурасы +23+31°С-тан +18+28°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде; шығыста +20+30°С-тан +13+23°С-қа дейін төмендейді; оңтүстікте ауа температурасының негізгі фоны +25+37°С;

оңтүстік-шығыста +20+32°С.