Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Zhalagash-zharshysy.kz

Синоптиктер елімізде 4, 5, 6 сәуір күндері қандай ауа райы болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше ел аумағының басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 15-20 градус Цельсийге дейін көтеріледі.

Ал Қазақстанның қалған бөлігінде фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын жауады. 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, түнде және таңертең ел бойынша тұман түседі.