Қазақстан ІІМ басшысы ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті

Қазақстан ІІМ басшысы ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Астанада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо, Қазақстан ІІМ және Қытайдың ҚҚМ жекелеген қызмет басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың басым мәселелерін талқылады.