Зерттеушілер сиверс алма ағашының құпиясын ашты

Зерттеушілер сиверс алма ағашының құпиясын ашты
Сурет: Кz.otyrar.kz

Сиверс алмасы жетілдіріле түспек

Сиверс алмасы Қазақстанның брендіне айналуы тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұндай мәлімдемені халықаралық ғылыми экспедицияға қатысқан шетелдік зерттеушілер жасады.

Германия мен Францияның Сорбонна университетінің өкілдері Жоңғар-Алатау қорығында іссапарда болды.

Онда ғалымдар жердегі алма бақтарының шығуын зерттеп, ізденіс жұмыстарын жетілдіру үшін алмалардың дәндерін жинады. Сөйтіп, алдағы уақытта көптеген жаңалықтар ашуға ниетті.

Себебі алдыңғы нәтижелер Оксфорд университетінің ғалымдарына толысқан қызыл бүйірлі алманың барлық белгілі сұрыптарының төрттен бірі, яғни 2,5 мыңы сиверс ағашынан шыққанын дәлелдеуге мүмкіндік берді.

«Қазақстан әлемдегі барлық алма ағаштарының шыққан жері болып табылады. Сондықтан да бұл дерекке ғалымдар қызығушылық танытты. Жай ғалымдар емес, ғылыми зерттеушілер. Олардың қатарына заманауи суретшілер қосылды. Соңғылары ғалымдардың зерттеулері негізінде өз жобаларын жасайды», - деді «Cultural Dialogue» қоғамдық қорының директоры Жанна Мамбетова.