Алматыда балалар жылы аясында 60 балабақша ашылады

Алматыда балалар жылы аясында 60 балабақша ашылады
Сурет: Baribar.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

Мемлекет басышысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қала халқының өмір сапасын арттыру мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстың басымдық берілген бағыты екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қала халқы санының өсуі аясында оқушылар орнының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Өткен жылы Алматыда 33 жаңа мектеп іске қосылды, оның 6-уында 15 719 жаңа оқушы орнын ашылып, соның арқасында орын  тапшылығын 46 пайызға азайту мүмкін болды. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалада 19 611 оқушы орны жетіспейді», - деп атап өтті қала әкімі. 

 Бұл мәселені шешу мақсатында 2022 жылы 46 орта білім беру нысанының құрылысы жалғасады, оның ішінде 14245 орындық 22 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Президент Қ.Тоқаев жариялаған Балалар жылы аясында балабақша кезегін азайту үшін Алматыда 10 340 орындық 82 мектепке дейінгі мекеме ашу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 2022 жылы 6560 орындық 60 жекеменшік балабақша мен 2 мемлекеттік балабақша ашу жоспарлануда. Сондай-ақ балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс 73 147 орынға кеңейтіліп, 2 заманауи Инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы, 4 оқушы үйін жаңғырту жұмыстары басталады. 

«Бүгінде 207 мемлекеттік мектептің барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біз осы наурыз айында 2 жылдық бағдарламаны қабылдауға ниеттіміз, оны іске асыру нәтижесінде 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаланың барлық мектептерінде бейнебақылау камераларын ауыстыру, турникеттер мен дабыл түймелерін орнату мәселелері толық шешілетін болады», - деді Ерболат Досаев.