Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке барған республикалық жедел құтқару жасағы өз жұмысын аяқтады

Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке барған республикалық жедел құтқару жасағы өз жұмысын аяқтады
Сурет: 24.kz

Құтқарушылар Ойыл ауданының Қаратал ауылында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысты.

Жүздеген адамды мектеп ғимаратына эвакуацияласа, 120 тұрғынды ауыл шетіне қонған тікұшаққа жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қажетті құрал-сайманымен келген 20 құтқарушыға облыс басшылығы атқарған қызметі үшін алғысын жеткізді. Бұл жасақ енді көршілес Батыс Қазақстан өңіріндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады. Айта кетейік, бұған дейін маңғыстаулық құтқарушылар да Ақтөбе облысына көмекке келген еді.

«Қаратал ауылында біздің жасақпен 126 адам шығарылды. Соның 36-сы балалар болды. Оларды моторлы қайықпен қауіпсіз аймаққа әкеп тікұшақтарға отырғызды. Ойыл ауылына жеткізілді. Жұмыстың барысында қиындау болғаны, ағысы қатты судың келіп жатқаны. Бірақ оған қарамастан қойылған жұмыс атқарылды», - дейді Республикалық жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Әділхан Балтабай.