Делдалдар көмір бағасын екі есе қымбаттатқан

Делдалдар көмір бағасын екі есе қымбаттатқан
Сурет:Мassaget.kz

Елімізде көмір мәселесі өзектілігін жойған жоқ.

Делдалдар көмірді сауда кезінде 100%-ға дейін жететін ақы қосып сатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, көмір өндіруші компаниялар биржалық сауда-саттықты пайдаланады. Онда ірі көлемде (3 млн тоннаға дейін немесе жылдық жөнелтілім көлемінің 71% дейін) бірнеше жыл ішінде өзгермейтін, шектеулі жеткізушілерге (2-ден 17-ге дейін) бірнеше минут ішінде сатылып кетеді.

Аталмыш мәмілелер, жұмыс төлеммен де, тиісті жөнелту жолымен де қамтылмайды, сондай-ақ мұндай делдалдарда арнайы инфрақұрылым (қоймалар, тиеу-түсіру техникасы және т.б.) болмайды. Делдалдар көмірді сауда кезінде 100%-ға дейін жететін ақы қосып сатады.

Мысалы, 2022 жылғы желтоқсанда «Халық Көмір» ЖШС «Қаражыра» АҚ-ның «Каспий «ТБ» АҚ тауар биржасы арқылы 120 мың тонна көлемінде көмірді орташа өлшенген бағасы - 6500 тг/тн бойынша сатып алып, 12 595 тг/тн үшін қайта сатуды жүзеге асырған.

“Осыған байланысты, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын қабылдады. Онда биржалық сауда-саттық үлесін 50% - ға дейін ұлғайту көзделген. Мұндай мөлшердегі тауар делдалдарға емес, тікелей тиісті инфрақұрылымы бар көмір өндірушілеріне сатылады. Сондай-ақ, ірі бизнеске бағдарланған және делдалдарға көмір өткізуді қамтамасыз ететін «ыңғайлы» биржаларын жою мақсатында БҚДА биржалық саудамен айналысуға арналған лицензиядан айыру бойынша жұмыс жүргізуде”, – делінген хабарламада.

Осылайша, тауар биржалары туралы заңнаманың бұзылуына байланысты БҚДА әкімшілік құқық бұзушылық туралы 19 іс қозғалды, 6 тауар биржасы өз қызметін тоқтатты, оның 4-і тексеру алдында ерікті негізде және 2-і сот шешімі бойынша жұмысын тоқтатты.