Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады?

Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады?
Сурет: gov.kz

 Декларациялау мерзімінің 15 қыркүйекте аяқталуына байланысты көптеген сауалдар туындады.

Сауалдардың басым көпшілігі декларацияның қабылданғанын қалай білуге болатыны туралы болған. осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz. 

 Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады:

       - e-Salyq Azamat («Декларация табыстау» бөлімінде/«СЕН табыстаудың тарихы»);

      - «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде/ «Нысандар журналы»), -деп жазылған хабарламада.