Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды
Сурет: 24.kz

Жолдан өтпек болған жаяу жүргінші қайтыс болды

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 12 қазан күні таңғы сағат 04:10-да орын алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі Ташкент тасжолымен батыс бағытта келе жатып, 16-К ғимаратына қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 33 жастағы ер адам тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болғаны анықталды. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.