Алматыда дүкен ұрысы қолға түсті

Алматыда дүкен ұрысы қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Медеу аудандық полиция қызметкерлері дүкендерден ұрлық жасау деректерін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-3-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 37 жастағы Б. есімді азамат ұсталды. Тергеу барысында күдікті заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта терезелерді сындырып, дүкендерге кіріп, кассадан ақша мен халық тұтынатын тауарларды ұрлағаны анықталды. Қаскөй ұсталды. Ол біздің аудан аумағындағы екі дүкеннен ұрлық жасағанын мойындады», –  деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта күдіктінің Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

«Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар бар болса, Медеу аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (727) 254-48-02; 254-48-10 және 8-702-476-66-60», – деп атап өтті Д. Өтебаев.