Дауыс беріп, сыйлыққа кітап ал!

Дауыс беріп, сыйлыққа кітап ал!
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Дауыс беруге келген сайлаушылар сыйлыққа кітап алып жатыр. 

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы 254 сайлау учаскесі Ұлттық кітапханада орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық кітапхананың директоры әрі сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжамал Оспанованың айтуынша, таңертеңнен бері сайлауға кеп жатқан азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Бостандық ауданының тұрғындарына сайлау учаскесінде кітаптан бөлек түрлі кәдесыйлар мен тәттілер де таратылды. Ата-анасымен еріп келген балақайларға шоколадтар берілді. Сыйдың төресі – кітап. Қазақстанның ертеңі үшін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына дауыс беруге келгендерге Герольд Бельгер, Хасен Әдібаев, Ермек Тұрсынов, Ескермес Ескендіров, басқа да авторлардың кітаптары сыйға тартылды. 

Жалпы, Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесі түрлі-түсті шарлармен, әдемі гүлдермен безендірілген. Қазақтың күйлері ойнап тұр. Рухың көтеріліп қалады.