Азат Перуашев Астанада дауыс берді

Азат Перуашев Астанада дауыс берді
Сурет: Zakon.kz

Ол сайлаудың нәтижесі бойынша әділ Қазақстан орнайды деген сенімде.

Астанада «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Перуашевтың айтуынша, ол сайлаудың нәтижесінен әділ Қазақстанды күтеді. Оның ойынша, 20 жыл бойы мұндай ашық, қызу сайлау науқаны, қоғамда көтеріліп, талқыланған ауқымды мәселелер болмаған шығар.

"Егер біздің қоғам мен мемлекет осы қарқынды бәсеңдетпей, диалогты жалғастыра берсе, осындай ашық қарым-қатынастар болса, біз шынымен де өмірімізді жақсырақ және адал етуге тиіс өте үлкен өзгерістердің басында тұрмыз", деді «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев.