Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фируза Шәріпова ММА-дегі дебюті алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Сурет: sports.kz

Жекпе-жек қарсаңында спортшылар көз арбасты

Бокстан жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова 29 шілде күні Алматыда Octagon 33 турнирінде ММА-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының мәліметінше, 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы аралас жекпе-жек спортшысы, 18 жастағы ресейлік Карина Оңдасынова болмақ. 

Ресейліктің MMA-дегі рекорды – 2-0. 

Жекпе-жек қарсаңында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. 

Өткен жылдың желтоқсан айында Фируза Шәріпова WBA, IBF, WBO, WBC және The Ring нұсқалары бойынша белбеулер үшін болған титулдық жекпе-жекте ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалды.