Алматыда үш кәріз сорғы станциясы орнатылады

Алматыда үш кәріз сорғы станциясы орнатылады
almaty-akshamy.kz

Биыл «Жас Қанат» шағынауданында үш кәріз сорғы станциясын орнату аяқталады. Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар, 1,5 мыңнан астам үйді қамти отырып, «Авиатор», «Әлмерек» және «Маяк» шағынаудандарында 64 шақырым желіні салу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, 2022 жылы ауданда 100 шақырымнан  астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, қалпына келтірілді. Баймағамбетов – Шемякин – Коминтерн – Айтықов көшелерінің бөлігіндегі 21 шақырым желі жаңғыртылып, «Жас Қанат», «Шуақты» және «Нижняя Пятилетка» шағынаудандарында 82 шақырым жаңа желі салынды.

Осы шағынаудандардағы қалған 47 шақырым желі бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, ол биыл аяқталады. Бұл 6 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализациямен қамтуға мүмкіндік береді.