Дәрігерлер маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі барын айтты

Дәрігерлер маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі барын айтты
Сурет: 24.kz.

Әлемнің 27 елінде маймыл шешегі ауруы анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері маймыл шешегін қайта жұқтыру қаупі барын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне қарағанда, әлемнің 27 елінде маймыл шешегі ауруы анықталған.

Індет жұқтыру деректері негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада анықталған.

«Біз Батыс Африкада маймыл шешегі ауруымен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет вирусты қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын айтты. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.