Дабыл шабаданы жаныңызда ма?

Дабыл шабаданы жаныңызда ма?
Сурет: Massaget.kz

ТЖМ алматылықтарға дабыл шабаданын жинау бойынша жадынама ұсынды.

Құтқарушылар шағын сөмкеге қажетті заттар салып қою керек екенін айтты. 

Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «дабыл шабаданын» жинау бойынша бейнежадынама дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Дабыл чемоданы - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы», - делінген ҚР ТЖМ таратқан хабарламада.

Құтқарушылар рюкзакқа, шағын сөмкеге немесе шабаданға: ақша; құжаттама; алғашқы көмек жинағы; су; консервіленген тамақ; жоғары калориялы тағам; жеке гигиена құралдары; жылы киімдер; плед; радио; батареямен жұмыс істейтін фонарь; сіріңке; ысқырғыш сияқты заттар салып қоюды үсынады.