Головкин-Мурата жекпе-жегі отандық арналардан көрсетіледі

Головкин-Мурата жекпе-жегі отандық арналардан көрсетіледі
Сурет: Egemen.kz

Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Сондай-ақ онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы тамашалауға болады