«D» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін

«D» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін
Сурет: Ortcom.kz

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі осындай ұсыныс жасады.

Өйткені қалалы жерлерде автобус жүргізушілері тапшы. Оның бір себебі «D» санатындағы жүргізуші куәлігін алу қиын. Мұны жеңілдету үшін «Жол жүрісі туралы» және «Автомобиль көлiгi туралы» заңдарға толықтырулар енгізу керек. Сондықтан бұл мәселе Үкімет басшылығы деңгейінде бірнеше рет қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Парламент Мәжілісі депутаттары тиісті заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасаған. Алайда жол қауіпсіздігіне жауап беретін Ішкі істер министрлігі бұл ұсыныстарды қолдамай отыр. Енді олармен бірлесіп кеңес өткізу жоспарланған.

Қазіргі кезде «D» санатындағы жүргізуші куәлігі еліміздегі 387 713 адамда бар