Қазақстандық бойжеткен Apple iOS сертификатын алған әлемдегі ең жас жаттықтырушы атанды

Қазақстандық бойжеткен Apple iOS сертификатын алған әлемдегі ең жас жаттықтырушы атанды
Сурет: Elorda.info

21 жастағы Беназир ең жас Apple iOS сертификатын алған жаттықтырушы атанды.

Ол сондай-ақ Apple компаниясының Swift бағдарламалау оқытушыларына арналған сертификаттаудан өткен Қазақстандағы алғашқы қыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін бойжеткен Азияның үздік университеттерінің бірі – Beijing Institute of Technology грантында оқуын бітіріп, 20-дан астам қосымшалар мен 82 Хакатон жасауға қатысқан және жаңадан бастаушыларға арналған ең ірі Zhas Hachathon хакатонының ұйымдастырушысы. 

«Мен Қазақстанда IT-коммьюнитиді белсенді дамытып жатырмын және қазірдің өзінде 100-ден астам оқушыны бағдарламалауға сәтті оқытып шықтым», - дейді бойжеткен.