Cпорт төрешілерінің еңбекақысы көбейді

Cпорт төрешілерінің еңбекақысы көбейді
Сурет: Sportmaster.ru

Бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен.

Биылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4 мың теңгеге өсіп, 17 мың теңгені құрайтын болады.

Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, - деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.