Биыл Қазақстаннан бес мыңнан астам адам кеткен

Биыл Қазақстаннан бес мыңнан астам адам кеткен
Сурет: Newsroom.kz

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр.

Ұлттық статистика бюросында хабарлағандай, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4 108 адам келді, 5 281 адам кетті. Яғни, осы кезеңдегі көші-қон көрсеткіші теріс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86%-ды, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 80,8% - ын құрады.

Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш мегаполисінде қалыптасты:

Нұр-сұлтан-7 523 адам, Алматы-8 278 адам, Шымкент-866 адам.