COVID-19 дертіне қарсы вакцина алған қазақстандықтар саны тоғыз миллионнан асты

COVID-19 дертіне қарсы вакцина алған қазақстандықтар саны тоғыз миллионнан асты
Сурет: Marca.com

Pfizer вакцинасын алушылар қатары да артқан. 

Көктемнің алғашқы күнінде КВИ-ға қарсы екпе алғандар қатары артып, тоғыз миллионнан асты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 1 наурыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның 1-ші компонентін 9 390 070 адам, 2-ші компонентін 9 002 048 адам салдырды.

Екпе алған жасөспірімдер мен жүкті әйелдер және бала емізетін аналар қатары да артқан.  

2022 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша, Pfizer вакцинасының І компонентін салдырғандар:

 Жасөспірімдер – 702 973,

 Жүкті әйелдер – 32 312,

 Бала емізетін әйелдер – 110 129.

 ІІ компонентін салдырғандар:

 Жасөспірімдер – 514 479,

 Жүкті әйелдер – 23 539,

 Бала емізетін әйелдер – 77 887.