COVID-19: АҚШ Pfizer вакцинасын жалпы қолдануға рұқсат берді

COVID-19: АҚШ Pfizer вакцинасын  жалпы қолдануға рұқсат  берді
Сурет: Kapital.kz

Пентагон міндетті иммундау туралы жарлық дайындауда.

Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, әлемде COVID-19 вакциналарының 4 миллиард 970 миллионнан астам дозасы қолданылды. Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылды -1 млрд 950 млн доза. Одан кейінгі орында: Үндістан - 580 миллион 770 мың, АҚШ - 362 миллион 660 мың, Бразилия - 176 миллион 620 мың доза. Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты, қауіпті вирустың салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.

АҚШ Pfizer вакцинасын мақұлдады: Пентагон міндетті иммундау туралы жарлық дайындауда. АҚШ президенті Джо Байден FDA-ның Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау туралы шешімін құптады және америкалықтарды мүмкіндігінше тезірек вакциналануға шақырды.

COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасы  АҚШ-та бірінші болып азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасынан (FDA) төтенше жағдайларда ғана емес, сондай-ақ, жалпы қолдануға рұқсат алды.
Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды. 

«Sinovac-Vaxera вакцинасының 15 млн. дозасының жергілікті өндірісі аяқталды, олар қазірдің өзінде вакцинация орталықтарына жіберілді», — деп хабарлады Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрі Хала Заид Каирде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Египет жыл соңына қарай ішкі нарықтың, сондай-ақ Африканың қажеттілігі үшін шамамен 80 млн. доза көлеміне қол жеткізу мақсатында ай сайын осы вакцинаның 15-тен 18,5 млн. дозасына дейін өндіретін болады. 

«24 тамыздан бастап барлық азаматтар осы вакцинамен тегін егіледі», - деді министр.