Cиань мен Шымкент бауырлас қала атанды

Cиань мен Шымкент бауырлас қала атанды
Сурет: Zakon.kz

Қытайдың солтүстік-батысындағы Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Қытай» саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ел мен елді жақындастыратын мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға өңірлер арасындағы әріптестік, нақты айтсақ, бауырлас қалалар өз үлесін қосады. Кеше біз Шымкент және Сиань қалаларының арасындағы, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясының арасында бауырластық байланысты ресми орнаттық», - деді Президент.

Мемлекет басшысы ғылыми бағыттағы байланыстарға да тоқталды.

«Сиань қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласын дамыту, жастарымыздың арасныдағы байланысты дамыту маңызды. Сондықтан біз білікті мамандарды жүйелі түрде әзірлеуге, адам капиталын дамытуға ерекше мән береміз. Қазіргі кезеңде Қазақстан өз аумағында әлемдегі жетекші техникалық университеттердің филиалдарын ашу жолында белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.