Мектептердегі интернет мәселесінің шешімі табылды

Мектептердегі интернет мәселесінің шешімі табылды
Сурет: Іnformburo.kz

Wi-Fi желісінің жоқтығынан оқушылар интернетке қосыла алмайды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектептердегі интернетке қолжетімділік мәселесін шешудің кешенді тәсілін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, бүгінде мектептердің көпшілігі интернетке қосылған. Бірақ жергілікті немесе Wi-Fi желісінің жоқтығынан оқушылар интернетке қосыла алмайды.

«Осыған байланысты министрлік мектептерде жергілікті желі мен Wi-Fi нүктелерін ұйымдастырудың кешенді тәсілін іске асыруды ұсынады. Сымсыз кіру нүктесі 200 құрылғының бір уақытта жұмыс істеуін және барлық сыныптардың, зертханалардың, әкімшілік блоктың және мектеп ауласын интернетпен қамтамасыз етуі керек. 2023 жылдың соңына дейін Wi-Fi желілерінің жұмыс регламенті мен топологиясын бекіту ұсынылады», - деді Мусин.