БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

БЖЗҚ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Сурет: Wfin.kz

Алаяқтық дерегінің жиі тіркелуіне байланысты ескерту жасады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cілтеме жасап.

Алаяқтық дерегінің жиілеп кетуіне байланысты БЖЗҚ салымшыларға ескерту жасады. Өйткені алаяқтар жұртқа қордың атынан сілтеме жіберетін болған.

"Құрметті салымшылар! Алаяқтық дерегінің жиі тіркелуіне байланысты ескертеміз. Қор хабарлама таратқан кезде салымшылардың жеке деректерін сұрамайды және сауалнама толтыруды талап етпейді. Сілтеме бойынша өтпес бұрын және алынған хабарламаға байланысты қандай да бір әрекеттерді жасамас бұрын 1418 бірыңғай нөміріне хабарласыңыз және ақпараттың тікелей БЖЗҚ-дан алынғаны на көз жеткізіңіз. Біздің ресми сайт – enpf.kz. Сайтта біздің әлеуметтік желілер көрсетілген", - деп жазылған қор таратқан хабарлама.