Бюджет қаржысын құмар ойынға құртқан

Бюджет қаржысын құмар ойынға құртқан
Сурет: Onnews.kz

Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды.

Анықталғандай, сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ол басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы, өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын спорттық бәстерге тіккен. Нәтижесінде, мемлекетке 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген», деді әскери сот.

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші әскери атағынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілген.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.