Бүгіннен бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

Бүгіннен бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
Сурет: ашық дереккөз

Алдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін барлық кәсіпкер: бизнесмендер мен олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұл талап жеке кәсіпкерлігі мен заңды тұлғасы өз қызметін тоқтатқан немесе мүлдем жұмыс істемеген жеке кәсіпкерлер мен бизнесмендерге де қатысты.

Қазақстанда мүлік ретінде тіркелген пәтерлерді, қала сыртындағы үйлерді немесе автокөліктерді декларацияға енгізудің қажеті жоқ. Барлық мемлекеттік органмен интеграцияның арқасында Мемлекеттік кірістер комитетінде олар туралы ақпарат бар. Сондықтан қажет болған жағдайда бұл мәліметті алу қиын емес.