Бүгінгі саудада доллар қымбаттады

Бүгінгі саудада доллар қымбаттады
Сурет: интернеттен

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 444 теңге, сату – 446 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 443,99 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы долларға 442,68 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444 теңге, сату – 446 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 442 теңгеден сатып алынып, 446 теңгеден сатылуда.