Еліміздің 10 аймағында ауа сапасы нашар

Еліміздің 10 аймағында ауа сапасы нашар Сурет: 24.kz

Елімізде ауаның ластануына себепші болып отырған ірі 16 кәсіпорын бар. 


Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қазақстанның 45 өнеркәсіптік аймағындағы ауаның ластану деңгейіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 10 аймақта ауа сапасы нашар екені анықталды.Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Оған үш негізгі фактор әсер етеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жылыту электростанциялары ауаға зиянды қалдықтарды көп мөлшерде бөледі. Теміртау мен Өскеменде экологияға ірі көлемде зиян келтіретін – ол өнеркәсіп. Ал батыс өңірлерде ескірген кәріз жүйелері ауаны ластап отыр», – деді вице-министр.



Зүлфия Сүлейменованың дерегінше, өңірлердегі экология ахуалын жақсатру үшін 16 жол картасы әзірленген.



«Жол картасына сәйкес, 485 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. 2020 жылдан 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін белгіленген жұмыстар 50%-ға аяқталды. Осы шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай 10 аймақтағы экологияның ластану деңгейі төмендейді деп болжап отырмыз», - деп атап өтті Зүлфия Сүлейменова.



Вице-министрдің айтуынша, аталған компаниялар өз қаражаттары есебінен зиянды қалдықтар мөлшерін 20-30%-ға дейін азайтуға міндеттелді.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31