Бүгін толған Ай Жерге барынша жақындайды

Бүгін толған Ай Жерге барынша жақындайды
Сурет: Tvernews.ru

13 шілдеде Ай өз орбитасының Жерге ең жақын нүктесінде болады. 

Бүгін адамдар толған Айдың Жерге барынша жақын орналасу сәтін бақылай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәскеу планетарийі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғаламшар мен спутник арасындағы қашықтық 357 263 км болады, ал 9,5 сағаттан кейін Ай толады.

«13 шілдеде толық Ай көкжиектен сағат 21-ден кейін пайда болады және түн ортасы шамасында оңтүстік көкжиектен ең жоғары биіктіке көтеріледі. Түні бойы Күн шыққанға дейін Ай Мерген шоқжұлдызында жарқырайды», - деп хабарлады планетарий.

Аспан ашық болса, толған Аймен бірге екі планета – Сатурн мен Юпитерді де көре аласыз.