Қор нарығында доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады
Сурет: Openmedia.io

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 475,91 теңге. 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,29 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 475,91 теңге. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473,38 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 474,00 теңге, сатып алу – 478,00 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.