Бүгін халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін халықаралық мейіргерлер күні
Сурет: Ашық дереккөз

Науқастарға барлық қамқорлықтың 80%-ын орта медицина қызметкерлері атқарады

Жыл сайын 12 мамырда Флоренс Найтингейл ұсынған Халықаралық мейіргер күні атап өтіледі. Ол мейіргер ісінің негізін қалаушы болып саналады, ол қоғамдық санада және мейіргердің қоғам денсаулығындағы рөлі мен орны туралы көзқарастарда төңкеріс жасады. Бүгінде бұл кәсіптік мереке 50-ден астам елде, оның ішінде Қазақстанда да атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі жыл сайын маңызды бола түсуде. Уақыт талаптарына сәйкес орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіптік жауапкершілік сияқты функционалы кеңеюде.  Шынында да, науқастарға барлық қамқорлықтың 80%-ын орта медицина қызметкерлері атқарады.

Мейіргерлер денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіптік топтардың бірін құрайды. Бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 188 мыңнан астам, ауылда 54 мыңнан астам, бастапқы буын деңгейінде  65 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, болашақ орта медицина қызметкерлерін даярлаумен 91 медициналық колледж айналысады, оның 24-і мемлекеттік және 67-сі мемлекеттік емес, 37-сі «жоғары» медициналық колледж мәртебесіне ие. 2022 жылдың деректері бойынша колледждерде 103 мыңнан астам студент оқиды, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 23 400 білім алушы оқуға түсті. Қазақстандық колледждер 9 мамандық бойынша: емдеу ісі, акушерлік іс, мейіргер ісі, стоматология, ортопедиялық стоматология, гигиена-эпидемиология, зертханалық диагностика, фармация, медициналық оптика бойынша даярлайды. Қазақстанның барлық өңірлерінде мереке қарсаңында форумдар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізілуде, онда мейіргерлер, акушерлер, фельдшерлер, зертханашылар түрлі тақырыптарда баяндамалар жасай отырып қатысуда, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгілерін, медальдарын, грамоталарын және алғыс хаттарын алады,оның ішінде «Еңбек ардагері» - 15, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» - 30, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  - 27, «Құрмет грамотасы»- 96 және «Алғыс хат» - 98.