Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғады
Сурет: Aikyn.kz

Үсік жүреді 

23 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі, солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Осы күні Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
23 тамызда Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының да орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15 м/с.
23 тамыз, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жер бетінде үсік 2 градус сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с.
23 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысыңда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстанда да сондай ауа райы, облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.