Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Астана мен Ақтөбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 17 наурызда Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.