Еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ашық ауа-райы болжанды.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің  өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады.

Синоптиктердің болжамынша, республикамыз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл тұрады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Батыс бағыттан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауаның температурасы: түнде -7-9°С, күндіз -1+1°С.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман болады. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауаның температурасы: түнде 0,+2°С, күндіз +7+9°С.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауаның температурасы: түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.