Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады

Бүгін екі мегаполисте ауа ластанады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinfrom «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2024 жылғы 1 қаңтарда Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.