Бүгін «болашақтықтарға» арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Бүгін «болашақтықтарға» арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Sn.kz

Іс-шараға IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады.

Жәрмеңкені ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Болашақ» стипендиясының әкімшісі - Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сағат 14:00-де Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

Шараға "Қазақтелеком", QazInnovations, "Қазпошта", Кселл, Tele2, "Қазақстан ғарыш сапары", Astana Hub және т.б. компаниялар қатысады. Жұмыс беруші компаниялар "Болашақ"бағдарламасының түлектері үшін өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынады.

Шараның өтетін орны: Астана қаласы, Astana Hub, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, с-4.6 павильоны (сағат 14:00-17:00 аралығында).