Бүгін бес боксшымыз финалға шығу үшін таласады

Бүгін бес боксшымыз финалға шығу үшін таласады
Сурет: Ашық дереккөз

Сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады

Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы жартылай финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандықтардан Астана уақытымен сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады.

Санжар аса жеңіл салмақта Ресейдің төрт дүркін чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістіреді.

Іле-шала Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионы әрі екі мәрте жүлдегері, кубалық Йосвани Вейтиямен финалға шығу үшін таласады.

Дулат Бекбауовқа (67 кг) грузиялық Лаша Гурули қарсы тұрмақ.

Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) үндістандық Нишант Девтен өтуге тырыспақ. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханның екі дүркін олимпиада жеңімпазын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Қанша қазақстандықтың 1/2 финалға өткені белгілі болды.