Бүгін «Барыс» «Авангард» командасымен кездеседі

Бүгін  «Барыс» «Авангард» командасымен кездеседі
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы төртінші ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу бүгін, 9 қыркүйекте 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 72 мәрте кездесті. Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Екі команда бұдан бұрын 23 тамызда Блинов турнирінде кездесті. Бұл ойында «Барыс» 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы бұдан бұрынғы үш кездесуінде де қарсыластарына есе жіберді.

Аталған кездесуден кейін елордалық клуб 11 қыркүйекте сырт айдында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.

Ал елордада 16 қыркүйекте Ресейдің «Адмирал», 18 қыркүйекте «Нефтехимик» командаларын қабылдайды.