«Eń aqyldy» - Жанасыл Ерлан

«Eń aqyldy» - Жанасыл Ерлан
Сурет: ibek Joly телеарнасының баспасөз қызметі

Jibek Joly телеарнасындағы «Eń aqyldy» зияткерлік ойынының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Он екі іріктеу кезеңінен, төрт ширек финал мен екі жартылай финалдан алға шыққан алты үздік ойыншы керемет ойын көрсетті.

Зияткерлік ойын талантты және білімді мектеп оқушыларына арналған. Оқушылар үлкен мақсатты мұрат тұтып, бақ сынасуға емес, ойын алаңында білімі мен бабын сынайды. Олар «Ең ақылды» деген атқа лайық екендерін дәлелдеді.

Бас жүлде – еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының білім гранты.

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Біріншісі: «Сергіту», одан кейін «Блиц», «Сұрақ-жауап» және «Мүмкіндік».

«Eń aqyldy» зияткерлік ойынының жеңімпазы Жанасыл Ерланға Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға грант берілді.