Бүгін – ұлт ұстазының туған күні

Бүгін – ұлт ұстазының туған күні
Сурет: Ашық дереккөз

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыдан тура150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген алаш арысының бүгінгі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.

1937 жылдың 8 желтоқсанында Алматыда ату жазасына кесілді.

Оның 1929 жылдың 12 мамырына дейінгі өмірбаяны өз қолымен жазылып, тарихқа қатталған.