Бас мүфти өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті

Бас мүфти өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті
Сурет: ҚМДБ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті. 

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әулиекөл ауылындағы мектепке көшірілген жандармен жүздескен Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала бұл сынақты сабырмен жеңіп шығуға, өртті тез арада ауыздықтауға күш-қуат нәсіп етсін. Біз сіздерге өз мүмкіндігіміздің аясында рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге дайынбыз. Сол үшін арнайы алдарыңызға келіп отырмыз. Жаратушы Жаббар Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі сынақтан, тосыннан келетін табиғи апаттардан сақтағай» деді.