Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 16 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.