Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше ауа сапасының нашарлауы тек Қостанай, Павлодар және түнде Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.