Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады

Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 21 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Синоптиктер мәліметінше, сәрсенбі күні Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.