Соңғы тәулікте жеті адам COVID-19 жұқтырды

Соңғы тәулікте жеті адам COVID-19 жұқтырды
Сурет: Ria.ru

КВИ жұқтырғандар саны 1 305 874 жетті. 

Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ВАК мәліметінше, 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 4 және Қарағанды облысында бір адам қауіпті індетке шалдыққан. 

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 874 жетті.