Бостандық ауданында газдың уақытша өшірілуі орын алды

Бостандық ауданында газдың уақытша өшірілуі орын алды
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Бостандық ауданында жабдықты апатқа қарсы қорғаудың іске қосылуына байланысты тұрғын үйлерге табиғи газ берудің апаттық ажыратылуы орын алды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл ақпарат "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне 30 наурыз сағат 19:45-те келіп түсті. Оқиға нәтижесінде төрт шағын ауданның тұрғындары уақытша газсыз қалды (Орбита-1,2,3,4). 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандары апат орнына барып, жедел шаралар қабылдады, оның ішінде газ тарату пункттеріндегі арматураларының кіру және шығу бекітулерін жауып, қорғасын пломбасымен пломбалады. Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес түнгі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді, осыған байланысты олар ертең, 2023 жылғы 31 наурызда сағат 09:00-де басталады.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ