Мамандар Алматыда қатты жаңбыр жауатынын ескертті

Мамандар Алматыда қатты жаңбыр жауатынын ескертті
Сурет: Almaty.tv

Дауылды ескерту жасалды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында қатты жаңбыр жауады деп ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Нөсерлі жауын-шашын болжамына байланысты, 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Алматының таулы аймақтарында ағынды сулардың пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі»,- делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы бассейндеріндегі өзендердегі «Казселезащита» бақылау бекеттерінің мәліметінше, жағдай тұрақты.

Сондай-ақ қала тұрғындарына тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.

 «Құрметті азаматтар, қатты жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан шықпауға тырысыңыз! Машиналарды ағаштардың астына қалдырмаңыз! «112» ескерту сигналдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың хабарламаларын қадағалаңыз!» - деп хабарлады мамандар.